Елдегі 17 жасқа толған барлық жас жігіттер тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатта есепке тұрады.
Егер азамат басқа қалаға қоныс аударса, міндетті түрде жергілікті жердегі комиссариаттың есебіне тұру қажет.
Мемлекеттік қызмет электронды форматта, eGov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Қызметтің порталдағы толық атауы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару».
Есепке тұру үшін:
- порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз
Сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен жеке кабинетте таныса аласыз. Қызмет көрсету мерзімі — 4 жұмыс күні