COVID-19 таралуын шектеу шараларына байланысты Қазақстандық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр аймақтағы кесте әр түрлі. Аймағыңыздағы ХҚО жұмыс кестесін суреттерді сырғытып көре аласыз.
ХҚО-лар клиенттерді алдын ала брондау бойынша қабылдайды. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.
Азаматтардан ХҚО-ға барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.
Ғимаратқа кіру Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады.