Баланың дүниеге келуі — әр адамның өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Ата-анаға көптеген мәселелерді, соның ішінде заңды мәселелерді шешу керек. Ең бастысы-туу туралы куәлік алу.
Мұны Egov.kz порталы арқылы жасауға болады;
- Порталда eGov.kz «отбасы» бөлімінен «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін табыңыз
- «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- ЭЦҚ немесе SMS арқылы авторизация жасаңыз
- Ата-ана мен бала туралы ақпаратты толтырыңыз.
- Қызметті ЭЦҚ көмегімен растаңыз
- Өтінім қарастырылғаннан кейн, жеке кабинетке уақыт пен АХАЖ көрсетілген хабарлама келеді
- Белгіленген уақытта сіз туу туралы куәлікті алуға АХАТ-қа барып, өзіңізбен бірге туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы; неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы; анасының жеке куәлігінің түпнұсқасы; әкесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы тиіс.