Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.
Бүгін біз сіздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсімдеу керектігін айтып береміз.
Мұның 3 жолы бар:
• eGov.kz портал арқылы
қызметтің атауы — «жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау»;
• ХҚО арқылы;
• халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Қажетті құжаттар:
- жеке куәлік;
- жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
- төлемдер аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.