Мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ жеке менджеріңіз арқылы алуға болады.Ол үшін:
📌Ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отырыңыз
📌Қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлеңіз ☝️Келісім-шартқа отырған сәттен бастап сіз:
✔️Уақытыңызды үнемдейсіз;
✔️Құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтыласыз;
✔️Халық көп шоғырланатын жерге бармайсыз;
✔️Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді;
✔️Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Есіңізде болсын❗️
💰Қызмет құны сізге қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады. 💰Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлемді бірден жүзеге асыруыңыз керек. 💰Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейсіз.