АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден әрбір америкалыққа 1,4 мың доллар төлеуді ұсынды.
Елдегі барлық салық төлеуші төлемді ала алады.
Байденнің бұл ұсынысы Конгрессте мақұлдануы тиіс.
Еске салайық, былтырғы қараша айында АҚШ-тағы президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан шыққан Джо Байден жеңіске жетті.
Ал 2021 жылы қаңтарда АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын құптады.