Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (“Duru Filmcilik”) мен Қытайдың (“Magic Fair”) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды.
Казіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.
Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.
Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.
Youtube желісіне жүктелген «Алмас қылыш» фильмі 7 миллионға жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған.