Иә, салыстыруға келмейді.
Бірақ бір нәрсе айтайын. Біз оларға жету қайда деп отыра берсек, отыра береміз. Қараңыз, бірінші суретте — Манхэттон. Ал екінші суретте өзіміздің Атырау. Бірден байқалатын айырмашылық — тығыздық. Жалпақ тілмен айтқанда, Манхэттон бірдеңенің айналасындай-ақ жер. Халқы миллион жарымнан асады. Атырау одан кіші болғанымен, әр ғимарат әр жақта жатыр. Халқы не бары үш жүз мыңдай болады. Өзіңіз салыстырып көріңіз.
Маңызды ғимараттар бір-біріне жақын, тығыз орналасса, адамдар жаяу жүруге болар еді. Атырауды Манхэттонның деңгейіне дейін тығыздасақ барлығымыз Жилгородокқа сиып кететін едік. Анда мында шауып жүріп, қаншама көліктің бензинін жағып тастаймыз. Жаяу немесе велосипедпен жүрсеңіз көліктер бөлетін қаншама улы газдардан құтылар едік. Көбі такси, күзетші болып жұмыс жасайды. Оның зиянын айтпай-ақ қояйын. Тұрғындарға қозғалыс жетіспейді. Тығыз қалада қалаған жеріңе тез, жаяу жүріп жетуге болады.
Атырауда дажы орталық жоқ. Қай жерді орталық дейсіздер? Сатпаевтың бойы ма? Орталық ондай қисық бағытта салынғаны бізде ғана шығар. Сондықтан мен қаланы бірорталықтандыруды ұсынамын. Шетіне соза бергенше етек-жеңін жинаңыздар. Нұрсаяға неге ығысып жатырсыздар? Зауыттан қашқан түрлеріңіз бе? Онда Жайық жайымен қалады ғой..
Гугл картаны ашып төбесінен қарасаң қисық-қисық. Говорова Қабдолов пен Азаттыққа, Азаттық Махамбет және өзі жалғасып, Махамбет Датов және өзі жалғасып, … туфф не боп кетті. Солай, общым, пирамида ма бір пішін. Метабализм стилі жайында айтпасам ба болады. Табиғат пен ғимараттар еш үндеспейді. Жалпы осылай.
Сіздер не ойлайсыздар? Қаланың құрылысына көңіліңіз тола ма?
Есенбай Ізбасаров