«Самұрық-Қазына» АҚ мен Жамбыл облысының басшылығы ағымдағы ынтымақтастық және оның облысты дамыту аясындағы келешегін талқылады
Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы өңірде газ, пошта, ақпараттық-коммуникациялық, әлеуметтік және экономиканың басқа салаларында жобаларды жүзеге асырады.
Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ облыста мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету, ұялы байланыспен қамтуды кеңейту және бүкіл өңір бойынша мобильді қызметтердің сапасын жақсарту үшін ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды жүзеге асырады.
Өз кезегінде, «Қазпочта» АҚ электрондық сауданы, пошта желісін және ақпараттық-коммуникациялық құрылымды дамыту бойынша жобаларды іске асыруда. Облыста электрондық коммерция орталықтары жұмысын жалғастыруда, онда ШОБ өкілдерін Интернет-дүкендер құру, тауарларды ішкі нарықта сату және жылжыту дағдыларына үйретеді.
Кеңес барысында Қор Жамбыл облысына компаниялар тобының сатып алуларына белсенді қатысуды ұсынды. Мәселен, Қор мен «ТаразКожОбувь» ЖШС арасында «арнайы аяқ киім» сатып алу санаты бойынша серіктестік туралы жасалған стратегиялық келісім «ТаразКожОбувь» компаниясына өндіріс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді.
Қор облыс әкімдігіне «Самұрық-Қазына» сатып алуларына қатысу келешегін нақты пысықтау үшін облыс кәсіпорындары өнімдерінің тізбесін қалыптастыруды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеп, оны 2020 жылдың соңына дейін бекітуге келісті.
Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
жөніндегі департаменті