Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады.

«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағд. аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.