ҰЛЫ ДАЛА СҰЛТАНДАРЫ

Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың архив құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихындағы отарлау заманында тіні ешқашан үзілмеген, сабақтаса өрілген азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұланғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.

Елін қорғау — ерге серт

Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті.Әсіресе, әскери патриотизм тәрбиесі жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, Отан қорғауға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Бұл ерлердің борышы екені Ата Заңда да айқын көрсетілген. Әскерге келген жастар да Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып, бір жылдан кейін үйлеріне нағыз сарбаз болып оралады. Сондықтан әскери бөлім – әрбір сарбазды шыңдайтын, шынықтыратын нағыз өмір мектебі.

ЕГІС КӨЛЕМІ НЕГЕ АЗАЙДЫ?

Сегізінші маусым күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте елді мекендерді газдандыру, жаңа суару алаңдарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және егіс науқаны төңірегіндегі мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

ОБРАЩЕНИЕ ЧЛЕНА ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА С.РАХИМОВОЙ

Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич! Вы намерены создать новый Казахстан — страну новых возможностей и прогресса. «Начав кардинальные изменения во всех сферах жизни, мы вступаем на качественно новый этап развития страны, мы все вместе успешно запустим процесс казахстанской реформации, построим Новый Казахстан» — это Ваши слова. Но, мы в этом сомневаемся, так как старыми кадрами, которые довели страну до такого кризиса, невозможно построить новый Казахстан.

ӘДІЛДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Орал қаласы «Болашақ» шағынауданындағы «Экспресс» кафесінде (Гринько көшесі, 123) орналасқан №406 сайлау учаскесіне 2116 сайлаушы тіркелген. Учаскедегі хатшы Салтанат Боранбайқызының мәлімдеуінше, 5 маусым күні сағат таңғы 6:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 1020 адам дауыс берген. Оның 25-і өзгерістерді қолдамайтынын көрсеткен. 35 адам «иә» мен «жоқты» қатар белгілегесін дауыс жарамсыз деп танылған. Ереже бойынша екі таңдаудың бірін белгілеу шарт.