ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ АСЫҒАЙЫҚ!

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасының қорытынды жиыны өтті. Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов жүргізген жиынға облыстық басқарма, қалалық бөлім және мекеме басшылары, мектеп директорлары, мәслихат депутаттары, ғалымдар, тарихшылар, кент әкімдері және тіл жанашырлары қатысты.

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Журналист болғысы келетін жастар күн санап көбейіп келеді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатовтың айтуынша, қазіргі уақытта білім бағдарламасына сәйкес журналистикаға қатысты негізгі пәндер оқытылып жүр. Студенттер медиа саласындағы мамандардан, облыстық, қалалық газет редакцияларында қызмет атқаратын білікті журналистерден дәріс алуда. Жуырда журналистикаға бет бұрып, мақала жазудың шеберіне айналғысы келетін Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің түлегі Әдемі Нұрланқызына, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенті Зерігүл Жазыққызына және Орал қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ақжібек Сағынбайға сауалнама сұрақтарын жолдап, олардың журналистика жөніндегі ой-пікірлерін білдік.

ҰЛЫ ДАЛА СҰЛТАНДАРЫ

Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың архив құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихындағы отарлау заманында тіні ешқашан үзілмеген, сабақтаса өрілген азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұланғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.

Елін қорғау — ерге серт

Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті.Әсіресе, әскери патриотизм тәрбиесі жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, Отан қорғауға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Бұл ерлердің борышы екені Ата Заңда да айқын көрсетілген. Әскерге келген жастар да Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып, бір жылдан кейін үйлеріне нағыз сарбаз болып оралады. Сондықтан әскери бөлім – әрбір сарбазды шыңдайтын, шынықтыратын нағыз өмір мектебі.

ЕГІС КӨЛЕМІ НЕГЕ АЗАЙДЫ?

Сегізінші маусым күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте елді мекендерді газдандыру, жаңа суару алаңдарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және егіс науқаны төңірегіндегі мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.