ҚАЗАҚСТАН, ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚТАРЫ КЕҢЕСІН ҚҰРДЫ

Бүгін Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кудратулла Рафиков және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзода Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін (ОАЕКК) құру туралы хаттамаға қол қойды.