Қазақтың көрген жарылысы аз болғандай…

Әлде табиғат -анамыздың адамзат баласына зар -наласының белгісі ме, әлде Жасаған Иеміздің жер бетіндегі жұмыр басты пенделерге көрсеткен қаһары ма,әйтеуір биылғы жылы әлем нөсер жауын мен су тасқынынан ,алапат орман өрттері мен жер сілкінулерден , дауылдардан мен дабылдардан көз ашпағаны ақиқат. Жер шарын аждаһадай жалмап келе жатқан пандемия аз болғандай.Табиғат апаттарына ,әртүрлі зілзалаларға сөзіміз жоқ.Оларды Құдіреттің өзі тоқтатпаса ,адамзат баласының күші келе қоймас.Ал мына қолдан жасалып,әлдекімнің пайдакүнемдігінен ,әлдебіреудің жауапсыздығынан,бағы біреулердің арам пиғылынан болып жатқан жарылыстардың тоқтайтын күні бола ма?!