Қазақстан әйелдері мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді.Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2 млн әйел жүгінген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкімет былтыр 13 млн мемлекеттік қызмет көрсеткенін ескерсек, олардың 45%-ы нәзік жандыларға көрсетілген.