АЗАМАТ КЕЛБЕТІ

Дана халқымызда «Ардақтыларын мезгілінде қадірлей білуде ұлылықтың белгісі» деген сыйлы сөз бар. Олай болса кезінде бірге, немесе қатар жұмыстас болған, бір-бірімізбен пікірлес болған замандастарымызды, үлкен ағаларымызды өкшелес інілерімізді кезінде мадақтап, олардың отанымызға, елімізге сіңірген еңбектерін, адамгершілік қасиеттерін, айтқан өнегелі аталық сөздерін еліміздің болашақ жастарына үлгі етіп айтып, не баспа беттеріне жазып отырсақ қандай ғанибет.