Алтынбек Мерсадық – 28. 09. 1999 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенті.
Дәурен Тілеухан — Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Көрпе ауылында дүниеге келген. “Сағыныш сыбыры” кітабының авторы. Халықаралық «Алтын қалам» байқауының «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» аталымының жеңімпазы.Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ-нің студенті.
Қалижан Еркеназ Еркінқызы 1998 жылы 4 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылында дүниеге келген. «Мен жастарға сенемін» атты V республикалық патриоттық байқаудың поэзия аталымы бойынша II орын иегері. «Жарқыл» кітабының авторы.