Жұмысшы мүддесі — басты назарда

Кешегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференц байланысы арқылы Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның биылғы жылдағы алғашқы отырысында әлеуметтік әріптестер еңбек қатынастарын реттеу, сондай-ақ, Атырау облысындағы мұнай өндіруші алып өндірістік компания – «Теңізшевройл» ЖШС-нің жұмыстан босатылған жұмысшы-қызметкерлерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету шаралары туралы мәселенің талқылану жайдан жай емес.

Спортың қалай, ауылым!?

Халқымыздың денінің саулығын күшейтуде бұқаралық спорттың алатын орны бөлек. Соңғы кезде үлкен спортта биік шыңдарды бағындырған чемпиондарымыздың жеңісі бүкіл халықты қанаттандыра түскені белгілі.

Қазақтың көрген жарылысы аз болғандай…

Әлде табиғат -анамыздың адамзат баласына зар -наласының белгісі ме, әлде Жасаған Иеміздің жер бетіндегі жұмыр басты пенделерге көрсеткен қаһары ма,әйтеуір биылғы жылы әлем нөсер жауын мен су тасқынынан ,алапат орман өрттері мен жер сілкінулерден , дауылдардан мен дабылдардан көз ашпағаны ақиқат. Жер шарын аждаһадай жалмап келе жатқан пандемия аз болғандай.Табиғат апаттарына ,әртүрлі зілзалаларға сөзіміз жоқ.Оларды Құдіреттің өзі тоқтатпаса ,адамзат баласының күші келе қоймас.Ал мына қолдан жасалып,әлдекімнің пайдакүнемдігінен ,әлдебіреудің жауапсыздығынан,бағы біреулердің арам пиғылынан болып жатқан жарылыстардың тоқтайтын күні бола ма?!

ТУМАҒА ЖОЛ ТҮСКЕНДЕ …

Жақында жер аяғы қияндағы Тумаға сапар шектік. Қашық демесеңіз,иттің басына іркіт төгілген ырыздығы мол өңір болғанын бүгінгі ұрпақ біле бермеуі мүмкін. О жақта да Тәуелсіздіктің отыз жылдығынолжалы қарсы алып, қойны-қонышы қуанышқа толы жұрт бар.Жылқы көбейсе,жұт бола ма?Бір кездері осы өңірді өрге сүйреген Сағидолла Құбашевтай қоғам қайраткерлері атпен жеткен қиырға бүгіндері көлікпен әрең жететіндейміз. Даму жылдамдығына шүбә келтірмегенмен кейде еріншектігіміздің де етектен тартатыны жасырын емес-ау осы.

Бағымызды ашқан – Тәуелсіздік

Қорқыт бабадан жеткен: «Өткен күн, кеше – тарих, Келер күн, ертең – сыр, Бүгінгі күн – сый» деген сөз бар. Біз жаңа дәуірге қадам басып келе жатқан жас елміз. Бірақ өткенді ұмытпаймыз. Өйткені бабаларымыздың еліміздің игілігі үшін атқарған еңбектері ұрпаққа өнеге болып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге тамаша үлгі болып қала береді. Олай болса, кешегіні ұмытпай, үнемі еске алып отырсақ бүгінгіні бағалап, алдағыны ардақ тұтарымыз анық. Алдыңғы толқын аға буынның өмірінен құлағдар болып жүрсе деген мақсатпен мен де өз ойыммен бөліскенді жөн санап отырмын.