Қай мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз онлайн алуға болады?

Қазақстанда 637 мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады, көбі оларды алу үшін ЭЦҚ міндетті түрде қажет деп ойлайды. Бірақ ЭЦҚ-сыз алуға болатын сұранысқа ие қызмет түрлері де бар. Атап айтқанда, 138 танымал қызметті SMS-құпиясөз арқылы алуға болады.

ЭЦҚ мерзімін қалай ұзарту керек?

Біле жүріңіз Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.