Жүзеге асса жүзіміз жарқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға мәлім болып жатырған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» деген атау иеленген жаңа Жолдауын зерделей оқып шыққандықтан ішкі дауысым өз пікірімді айтуға жетеледі.

Сусыз өмір жоқ

Атырауға Каспий теңізінің ащы суынан ауыз су дайындайтын комбинат салу керек. Жайық өзенінің төменгі жағынан Жайық өзенін суға толтырып, одан кейін денгейін реттеп тұратын, ашылмалы-жабылмалы, мүмкіндігінше балық өсіуне зиянсыз бөгет (ШЛЮЗ) құрылысын салу керек. Ол үшін Ресей Жайық өзеніне суды беруді мүлдем тоқтатып тастамау керек немесе Ресей Ақтобе облысындағы «Көкжиде» жер асты суын алып отырған судың орнына су беріп отыру керек.