ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

Қазіргі таңда Қазақ елі тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басып, Жаңа Қазақстан құрудың жолында келеді.Билікте кадр алмасып, саяси жүйе өзгеріс алдында тұр. Мемлекет басшысы қиын шешімдер қабылдап, тиімді өзгерістер жасауға тырысуда. Отыз жыл ішінде шекарамыз бекіп, экономикамыз нығайып, әлем сахнасына татулық сүйгіш мемлекет ретінде танылдық. Иә, татулық пен тұрақтылық жақсы ғой, дегенмен халық үшін елдегі әлеуметтік мәселе бірінші орында болары сөзсіз. Әлеуметтік әділеттілік мәселесі осы Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін ғана қолға алына бастады.