Тарихи деректерге неге мән бермейміз?

Күні ертең қазақтың қанатты қызы атанған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өмірге келгеніне 100 жыл болады. Сұрапыл соғыста жауына аспанан тажал төндірген қазақтың қайсар қызының өмірбаян деректерінде қайшылықтар барын байқадым. Ұлы Отан соғысы тақырыбы аясында жұмыстанып жүргендіктен архив құжаттары мен кітаптардағы мәліметтерді салыстырып жүремін. Көбіне кітап,энциклопедиялар мен тарихи анықтамалықтардан қате деректердің кездесетіні үйреншікті жайт болып барады.

Қаһарман жауынгер, қажырлы еңбеккер

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатынасушы майдангер Құмар Есмағанбетов 1923 жылы Гурьев облысы Есбол ауданы,Есбол селосында дүниеге келген. 1942 жылы Есбол аудандық әскери комиссариатынан Ұлы Отан соғысына шақыртылған.