ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Журналист болғысы келетін жастар күн санап көбейіп келеді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатовтың айтуынша, қазіргі уақытта білім бағдарламасына сәйкес журналистикаға қатысты негізгі пәндер оқытылып жүр. Студенттер медиа саласындағы мамандардан, облыстық, қалалық газет редакцияларында қызмет атқаратын білікті журналистерден дәріс алуда. Жуырда журналистикаға бет бұрып, мақала жазудың шеберіне айналғысы келетін Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің түлегі Әдемі Нұрланқызына, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенті Зерігүл Жазыққызына және Орал қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ақжібек Сағынбайға сауалнама сұрақтарын жолдап, олардың журналистика жөніндегі ой-пікірлерін білдік.