Жасанды интеллект адамзат үшін қаншалықты қауіпті?
Бүгінде жасанды интеллект қолданылмайтын сала жоқ. Қара жұмысты былай қойғанда адамның ақыл-ойын қажет ететін қызметтердің бәрін жасанды интеллект атқарып отыр. Десе де мамандар оның адамзатқа қауіпті тұстары бар екенін айтады. Себебі қазіргі таңда жасанды интеллект арқылы адамдарды бақылау күшейген.