ОСЫ ЖҰРТ ЕСКЕНДІРДІ БІЛЕМЕ ЕКЕН?
Өткен тарихымызда қазақ мемлекеттілігінің даму мақсатын тұжырымдап берген, туған халқына қызмет көрсетудің жарқын үлгісін көрсеткен қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай (1890-1941 жж.) болатын. М.Шоқай өз кезегінде қызметтес, мүдделес болған тарихи тұлғаларға жеке басының мүддесі, қарым-қатынасы тұрғысынан қарамады. Ұлт қайраткеріне адам тағдырына аса жауапкершілікпен қарау тән болды. Сондықтан Алаш зияларының өткен өмірі мен халқына қалтықсыз атқарған қызметін бағалап, байыптаумыз бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі де бірегейі. XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы бұған дейін болмаған қарқынмен өркендеп, өсті, кейін олар ұлттық ояну кезеңіндегі сан-салалы қызметтерінде ел мен халық мүддесіне айтарлықтай үлес қосты.