Бата дарыған Бабыр би
Кемел ойдың, кестелі тілдің иесі Әбіш Кекілбаевтың кезінде: «Қалғып кеткен сана мен ұйықтап кеткен ұятты еріксіз бір серпілтіп отыратын нысана тұлғалар мен киелі орындар болмаса, көмейдегі тіл мен көкіректегі ділдің өзін өз қолымызбен бұралқыландырып жібере жаздаған жетесіздіктің құрбандары болып кете жаздаппыз» деп жазғаны бар.