Атырауда алаяқ әйелдің әрекеті әшкере болды
Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматша, оны біреудің қайғысын жасыра отырып, шешуге тырысқан. Instagram-да «церебралды сал ауруымен» ауыратын үш жасар сәбиді емдеуге қаражат жинау туралы беріліп, кейін алып тастаған хабарландыруды көріп, ойын іске асырады. Алдымен, бұл азаматша әлеуметтік желіде жеке парағын ашып, сол науқас баланың фотосуретін және өзінің банктік деректемелерін көрсете отырып, көмек сұраған жазбасын жариялайды. Жалған хабарландыруды кездейсоқ көріп қалған баланың анасы полицияға арызданады, деп хабарлады