Ел тарихының қасіретті беттері….

Қазіргі уақытта ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен ХХ ғасырдың 20-50 жылдары аралығында Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды толықтай ақтау мәселесімен мемлекеттік комиссия тікелей айналысу үстінде. Комиссияның бағыттарының бірі- еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күрес жолында жазаға ұшырағандарды анықтай отырып, оларды толықтай ақтау болып табылады. Осы мәселеге байланысты Атырау өңірлік комиссиясы құрамында жұмыс істеудің барысында облыстық мұрағаттың №2 қорының № 6 ісінен 1923 жылы сайлау құқығынан айырылған тұлғалар тізімін зерттеу кезінде Алашорда қозғалысына және «контрреволюциялық бүлікке» қатысушылардың, бұрынғы ақ офицерлер мен болыстардың, старшиналардың, кулактардың, барлығы 280 адамның аты-жөні берілген ерекше құжатты кездестірдік.