Әйгілі жиреннің ақыры
Біздің өңірде «Есболдың жирені» туралы әңгіме уақыт озған сайын аңызға айналып барады. Ал сол Жиренге шапқан шабандоз, Социалистік Еңбек Ері Қабдір Шүйінішқалиевтің ұлы Болат аға бүгінде Индерборда тұратынын кейінгі толқын біле қоймауы мүмкін. Жақында тоқсандағы қарт шабандозбен әңгіме-дүкен құрып қайтқанбыз.