Исатай Тайманұлының зиратын тапқан тұңғыш атыраулық

Биыл Исатай Тайманұлының 230 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Әсіресе Исатай батырдың 230 жылдығына орай Атырау, Ақтөбе облыстарында соның ішінде Исатай, Қобда аудандарында Атырау қаласында ғылыми-әдістемелік конференциялар, ақындар айтыстары өткізіліп, батырға арнап «Көсем», «Асқақ рух» атты кітаптар шығарылды.Шейітсайдағы Исатай Тайманұлы кесенесі кешенге айналдырылды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаевтың ұйымдастыруымен Исатай батыр кесенесінің айналасына көтерілісте ерекше белсенділік көрсеткен 8 батырға стелла тұрғызылып, кесененің айналасына ағаштар отырғызылды.