Гендер және БАҚ: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы қалай жазылуы керек?

Қоғамдық мүддеге қызмет ететін журналистика әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте маңызды тетік болып саналады. Соңғы бірнеше жылда әлемнің көп бөлігінде жағдай жақсарғанымен, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. ІІМ мәліметінше, 2021 жылы елімізде отбасылық жанжал кезінде 50-ге жуық әйел қаза тауып, 300-ден астамы ауыр жарақат алған. Осы тұста бұл проблема отандық БАҚ-та қалай көрініс тауып жүр деген сұрақ туындайды. Көптеген сарапшы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жарияланған күннің өзінде көбіне «отбасылық іс» не «жеке мәселе» ретінде сипатталады. Я болмаса өміріне қауіп төндіретін проблема ретінде көрсетілмейді, керісінше қоғамның қызығушылығын тудыру мақсатында жасалатынын айтады.

Cын түзелмей, мін түзелмес

Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдық, шығармашылық ахуалы және сынның пәрменділігі туралы Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтің қоғамдық кеңесте сөйлеген сөзі.