Солқылдақ пікірлер -тарихнамаға қиянат

Қазақ тарихнамасына байланысты екіұшты шалағай ойлар,солқылдақ пікірлерді оқып,қайсы пікірге сенерімізді білмей ,дал болатын кездеріміз бар.Мәселен ,көрнекті тарихшы ғалым Берекет Кәрібаев «Көк Орданың «Ақ Ордаға айналуы «мақаласында («Егемен Қазақстан») . 23.10.1988 ж.) былай деп жазады.»Дешті Қыпшақта Жошының үш ұлы :Орда Ежен ,Бату ,Шайбан билік еткен.Батудың ұлысы Дештінің батысында ;ағасы Орда Ежен шығыста ;Жошының бесінші ұлы Шайбан екі ағасының ортасындағы иеліктерге билік жүргізеді.Дешті Қыпшақта ұлыстардың құрылуы 1225 ж.кейін ,яғни ,Жошы ханның өлімінен кейін жүзеге асады…»десе ,белгілі жазушы -тарихшы Қойшығара Салғараұлы мынадай ой өрбітеді.»Жошының көзі тірісінде үлкен екі баласына Орда Ежен мен Батуға өзі енші бергенін және одан кейін көп ұзамай Шайбанның енші алғанын ;сөйтіп Бату Алтын Орда мемлекетін құрғанға дейін үш ұлыстың :Орда Ежен ұлысының ,Бату ұлысының және Шайбан ұлысының қатар өмір сүргенін анық аңғаруға болады…