ТУРИЗМ ҚАЛАЙ ДАМЫМАҚ?!

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында өңірдегі туризмді дамыту және жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсарту бойынша мәселелер талқыланды. Кезекпен сөз алған жиын қатысушылары туризмді дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар маңызды мәселені қаузады.

Елді көркейтудің негізгі кілті – егіс алқаптарын ұлғайту

БҚО әкімі Ғали Есқалиев іссапармен Теректі ауданына барып, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық хәл-ахуалын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Масқар» ауыл шаруашылығы өндірістік коопераві мен Ақжайық ауылындағы «Айша» бөбекжайын аралап, мәдениет үйінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған семинар-кеңес өткізді.